Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Бадықова екі әйел алуды қолдаған белгілі тележүргізушіге жауап берді

Опубликовано:

Отандық танымал актриса "екі әйел алуға рұқсат беру керек" деп желіні шулатқан журналист Сәуле Әбединоваға жауап берді. Өнер иесі ақпарат өкіліне көпшілікке ақыл айтпас бұрын, өз жағдайына қарап алуға кеңес берген деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/dariga_badykova.
Фото: Instagram/dariga_badykova.: Instagram

Дариға Бадықова журналист Сәуле Әбединованың белсенді түрде айтып жүрген пікірімен келіспейтін көрінеді.

Ол белгілі журналистің екі әйел алуға рұқсат беру мәселесіне қысқа да нұсқа жауап берген.

Актриса бірден аталмыш пікірді білдірген БАҚ өкіліне мұндай тақырыпты қозғау үшін өз басындағы жағдайға қарап алғаны жөн екенін айтты.

"Өзінің күйеуі бар ма?! Қазір мен артық айтып қоюым мүмкін. Біреудің көңілі қалып қалуы мүмкін. Әркім өзінің басындағы жағдайға қарап сұрақ қойса, өте дұрыс болады" , - деді Бадықова.

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова "Екі жұлдыз" жобасындағы бар былықтарды әшкерелеп, бағдарлама туралы бар шындықты айтты. Ол шоуды ұйымдастыру кезінде көптеген қателіктер болғанын алға тартты. Дариға Бадықова жобадан шығар алдында қазыларға бар өкпе-назын білдіріп бір-ақ кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843001-dariga-badykova-eki-jel-aludy-koldagan-belgili-telezrgizusige-zauap-berdi/

pixel