RU

Павлодар облысында жас мұғалімді зорлады деген күдікті қолға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында 19 жастағы мұғалім зорланды. Ауылдасы беймезгіл уақытта мектепке бара жатқан маманның артынан қуып, арам ойын қараусыз қалған үйде жүзеге асырған. Аймақтағы полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: pixabay.com

фото: pixabay.com

Бүгін полиция осы мәселе бойынша брифинг өткізді. Жиын барысында мектеп мұғалімінің жазбаша арыз түсіргені белгілі болды. Ал күдікті қазірдің өзінде мойындайтынын айтып, мәлімдеме жасаған.

Тәртіп сақшылары 2010 жылы тағы бір әйелдің күдіктіге қатысты сексуалдық әрекет фактісі бойынша полицияға жүгінгенін анықтады. Алайда ол уақытта жәбірленуші арыз беруден бас тартқан.

Қазіргі уақытта 19 жастағы мұғалімді қорлаған күдіктінің үстінен екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ер адам мен жәбірленушінің бір-бірімен таныс емес екендігі анықталды.

Еске сала кетсек, Павлодар облысында жас оқытушыны ауылдасы зорлап кеткенін жазған болатынбыз.

19 жастағы арудың өмірінде болған қайғылы жағдай туралы ақпарат Facebook-тегі "Немолчиkz" тобында пайда болды.

Қоғамдық қордың парақшасыда жас мұғалімге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттердің 25 ақпаннан 26-на қараған түні жасалғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодар облысында жас мұғалімді зорлады деген күдікті қолға түсті
Mailfire view pixel