RU

VIP көлік нөмірлерін ең көп сатып алатындар көшін шымкенттіктер бастап тұр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар жаңадан алған көлігіне VIP санатындағы мемлекеттік нөмірлерді тіркеуге жиі қызығушылық танытады. Үйлескен сандары мен әріптері бар нөмірлерді ең көп сатып алушылар - еліміздегі ең басты үш мегаполистің тұрғындары деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

VIP көлік нөмірлерін ең көп сатып алатындар көшін шымкенттіктер бастап тұр

Фото: otyrar.kz

VIP санаттағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері сатылымға 2014 жылдан бері шығып келеді.

Басылымның жазуынша, 2019 жылы ел азаматтары мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 12 658 ерекше тіркеу нөмірін 3, 018 млрд теңгеге сатып алған.

Алайда бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстарығанда жарты млрд теңгеге аз. Ол кезде қазақстандықтар 14 909 ерекше нөмір үшін 3,650 млрд теіге жұмсаған болатын.

Ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың тізімін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Айта кетейік, көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

Еске сала кетсек, Алматыда шетелден әкелінген алғашқы көліктің тіркелгені хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
VIP көлік нөмірлерін ең көп сатып алатындар көшін шымкенттіктер бастап тұр
Mailfire view pixel