Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Джеки Чанның коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені рас па

Опубликовано:

Батыс БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 65 жастағы танымал актер Джеки Чан коронавирус жұқтырып алды деген күдікпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, карантинге жатқызылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Джеки Чан. Фото: instagram.com/explore/tags
Джеки Чан. Фото: instagram.com/explore/tags: Instagram

Батыстық БАҚ-та күллі әлемге әйгілі актер Джеки Чанның коронавирус жұқтырып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгені жайлы ақпарат пайда болды.

Қауесеттерге сәйкес, өнер иесі қауіпті вирусты жабық кештердің бірінде жұқтырып алса керек. Себебі, қонақтар арасында коронавируске шалдыққаны анықталған 48 жастағы полиция қызметкері болған.

Алайда, кейіннен бірқатар басылым бұл ақпаратты жоққа шығарды.

8Days басылымының мәлімдеуінше, актер аталмыш кеште болмаған. Ал желіде тарап кеткен видео шындыққа жанаспайтын болып шықты.

"Джеки Чан мен полиция қызметкері екі жақта өткен екі түрлі кеште болған" , - деп жазылған материалда.

Айта кетейік, бұған дейін Голливуд жұлдызы Джеки Чан коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан адамға қомақты ақша бермек екенін жазған болатынбыз.

New Straits Times Online басылымының хабарлауынша, актер аса ерекше мәлімдемесін өзінің Weibo атты қытиайлық әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843014-dzeki-canny-koronavirus-zktyrgany-ras-pa/

pixel