RU

Нұр-Сұлтанда 18 жасқа дейінгі балалар енді қоғамдық көлікте тегін жүреді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Биылғы 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл туралы "City Transportation Systems" компаниясының (бұрынғы "Astana LRT" ЖШС) басшысы Бекмырза Егенбердинов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазір 7-15 жастағы балалар жол жүру ақысының жартысын төлейді. Ал 15 жастан кейінгілер толық төлем жасайды. Бұған дейін балаларға жеңілдік жасау мәселесі талай рет көтерілді. Сондықтан біз 28 наурыздан бастап кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беруді жөн көрдік", – деді Егенбердинов.

Ол сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың міндетті түрде жеңілдік картасын алуы тиіс екенін атап өтті. Оның бағасы – 500 теңге. Сосын валидация жасап отыру қажет. Себебі компания жолаушылар тасымалын бақылап отырады.

Айта кетейік, бүгіннен бастап "Astana LRT" компаниясының атауы "City Transportation Systems" болып өзгерді.

Сонымен қатар, компания басшысы 28 наурыздан бастап әлеуметтік осал топ қатарына жататын азаматтардың қала маңындағы маршруттарда да тегін жүретінін жеткізді.

"18 жасқа дейін тегін жүру жеңілдігі қала маңайында тұратын балаларға да қатысты. Сосын бұған дейін жеңілдік алып жүрген азаматтар, олардың ішінде ардагерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар, жалпы алты топ қала маңындағы маршруттарда ақша төлейтін. Енді 28 наурыздан бастап олардың барлығы тегін жүре алады", – деп мәлімдеді Егенбердинов.

Еске сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астанада жаңа 60 экоавтобус пайдалануға берілгенін хабарлаған болатынбыз. Олар жолаушылар легі ең көп бағдарлар бойынша адам тасымалдайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда 18 жасқа дейінгі балалар енді қоғамдық көлікте тегін жүреді
Mailfire view pixel