RU

Коронавирус өршіп тұрған Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық бар

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда 1,5 мыңнан астам коронавирус оқиғасы тіркелді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі аталған елде 35 мың отандасымыздың бар екендігін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Айбек Смадияров брифингте қазіргі уақытта 35 мыңнан астам қазақстандықтың Оңтүстік Кореяда екенін айтты. Оның ішінде заңсыз тұрып жатқаны - 12 мың адам.

"Біздің елшіліктегі консулдық есепте бар болғаны 848 адам бар. Азаматтарымыздың көбінің осындай әрекетке баруы өздеріне қиын. Төтенше жағдай болған жағдайда ол елдің қай жерінде тұрып жатқанын білмесек, қалай іздеп табамыз?", - деді ол.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстан азаматтарына консулдыққа хабарласулары керек екендігін ескертті.

Смадияровтың айтуынша, тіркеу көп уақыт алмайды және тегін.

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан консулы күн сайын, үзіліссіз адам қабылдайтыны белгілі болды.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Сыртық істер министрлігі ел азаматтарынан шетелге шықпауларын сұраған еді. Бұл қытайлық коронавирус тіркелген елдер санының күрт артуымен байланысты.

Мұндай үндеуді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жасаған болатын. Маман Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус өршіп тұрған Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық бар
Mailfire view pixel