RU

Сауд Арабиясы коронавирусқа байланысты қажылықты тоқтатты

Коронавирус салдарынан мұсылман дінін ұстаушылар Мекке мен Мединаға барып, кіші қажылық жасай алмайды. Сауд Арабиясының билігі вирустың алдын алу мақсатында елге кіруге уақытша тыйым салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Елдің сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кіші қажылық жасау үшін және Пайғамбар мешітіне келген туристер елге кіре алмайды.

Бұндай тыйымның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз деп жазады РИА Новости.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясының билігі коронавирус қаупі өршіп тұрған бірінші санаттағы елдердің азаматтарына виза беруді тоқтата тұру туралы шешімге келген.

Еске сала кетсек, еліміздің сыртқы істер министрлігі де қазақстандықтарды шетелге шығудан бас тартуға шақырған болатын. Бұл коронавирус тіркелген елдер санының күрт артуымен байланысты болып отыр.

Сонымен қатар ведомство өкілі Айбек Смадияров азаматтарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды да ескертті.

Қытайлық маман Чжун Наньшаньның мәліметінше, коронавирусқа шалдыққан науқас орта есеппен вирусты екі-үш адамға жұқтыруы мүмкін.

Оның айтуынша, қатерлі дерттің жылдам таралуы осыған байланысты екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843044-saud-arabiasy-koronaviruska-bajlanysty-kazylykty-toktatty.html