RU

Түркістан облысы тұрғыны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisa.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Айта кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап елімізде көлікті мас күйінде басқарған жүргізушілерге арналған жазаны күшейтетін заң күшіне енді.

Басылым мәліметінше, Түлкібас аудандық сотында алғаш рет заң күшіне енгеннен кейін қылмыстық іс қаралды.

Жергілікті тұрғын мас күйінде көлік тізгіндегені үшін ұсталып, жауапкершілікке тартылған. Ол осы жылы 18 қаңтарда мас күйінде өзінің Daewoo маркалы автокөлігінің рөліне отырған. Аталған көлікті патрульдеу кезінде Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін Тұрар Рысқұлов ауылы көшелерінің бірінде ұстаған.

Медициналық куәландыруға сәйкес азамат жеңіл дәрежеде мас болғандығы анықталды. Одан бөлек, ер адам бұрын 2018 жылдың сәуір айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабы бойынша үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Ол өз әрекетін толық мойындады. Нәтижесінде, сот ер адамды көлікті мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін бір жыл алты ай бас бостандығынан шектеп, өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Ведомство мәліметінше, мас күйінде рөлге отыру әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қоймай, ең алдымен жүргізушінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өміріне қауіп төндіреді.

Еске сала кетсек, осыған дейін кейбір дәрі-дәрмектердің жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысы тұрғыны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды
Mailfire view pixel