Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австралия жағажайынан белгісіз тіршілік иесі табылды (фото)

Опубликовано:

Австралия тұрғыны Перт қаласының маңындағы жағажайдан ерекше тіршілік иесін тауып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ер адам беймәлім тіршілік иесінің суретін әлеуметтік желіде жариялаған. Желі қолданушыларының бірі оған бұл жануарды пластикалық пакетке салып, мұхитқа лақтырып жіберуге кеңес берген.

Ол сондай-ақ табылған тіршілік иесін "иттерді өлтіруші" деп атаған.

Кейіннен Маккуори университеті биологиялық ғылымдар департаментінің профессоры Кулум Браун бұл жаратылыстың – теңіз қояны екенін айтып берді.

Айта кетейік, теңіз қояндары өздерін қорғау мақсатында сегізаяқтар секілді құрамында улы заттары бар қара сия шашады. Бұл токсиндер иттер үшін улы болып табылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шотландияның солтүстік-шығысында "Сиара" дауылы кейін теңіз жағалауында жұмбақ тіршілік иесінің қаңқасы пайда болғанын жазған едік.

Әлеуметтік желідегілерді белгісіз тіршілік иесі қатты қызықтырған. Бірі оны кит пен косатканың қаңқасы десе, енді бірі бұл сүйектер акулаға тиесілі екенін жазған.

Дегенмен мамандар қаңқаның нақты қандай жануарға тиесілі екенін айта алмаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843055-avstralia-zagazajynan-belgisiz-tirsilik-iesi-tabyldy-foto/

pixel