RU

Дулат Ағаділдің өлімі: Прокуратура мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан прокуратурасының қызметкерлері азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеудің мәліметтерімен бөлісті. Ол уақытша ұстау изоляторында көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Ғacebook Дулат Ағаділ. Коллаж KAZ.NUR.KZ

Фото: NUR.KZ/Ғacebook Дулат Ағаділ. Коллаж KAZ.NUR.KZ

Ведомствоның мәліметінше, аталған іс арнайы прокурордың бақылауында, ал марқұмның денесі оның отбасы өкілдерінің тарапынан тартылған арнайы сарапшылардың қатысуымен зерттелген.

Осылайша, зерттеу нәтижесі Дулат Ағаділдің өткір жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын көрсеткен.

Прокуратурада Ағаділдің қорғаушысы мен ағасының жүргізілген зерттеуге байланысты ескертулері жоқ екенін атап өтті.

Зерттеудің түпкілікті нәтижелері белгілі болған соң сот сараптамасының қорытындысы шығарылады, ал әзірге кісі өліміне қатысты тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы тергеу изолторында белсенді Дулат Ағаділдің қайтыс болғаны хабарланған.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, сотқа құрметсіздік танытып, сот отырысына қатысушылар мен судьяларды балағаттағаны үшін Дулат Ағаділге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Соттың тергеу шараларына келмеуіне және жалтаруына байланысты 24 ақпанда, шамамен сағат 21:00-де белсенді үйінде тұтқынға алынып, тергеу изоляторына жеткізілген.

Сондай-ақ ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дулат Ағаділдің өлімі: Прокуратура мәлімдеме жасады
Mailfire view pixel