RU

Украина азаматшасынан коронавирус табылды

Италияда коронавирус жұқтырған алғашқы Украина азаматшасы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Жақында коронавирус дерті расталған Украина азаматшасы Неапольдегі "Котуньо" ауруханасының инфекциялық бөлімінде жатыр. Науқастың жағдайы аса ауыр емес, оның жағдайын білуге барған туыстары карантинге жатқызылды", - дейді Украинаның сыртқы істер министрлігіне қарасты Консулдық қызмет департаментінің директоры Сергей Погорельцев.

Неаполь қаласында жаңа вирусты жұқтырған екі адам анықталған.

"Олардың бірі - 26 жастағы Украина азаматшасы. Ол Кремонаның солтүстігінде жұмыс істейді. Оңтүстікке келген. Коронавирустың оң нәтижесін Римдегі "Спалланцани" клиникасы растауы керек", - деді Погорельцев.

Айта кетейік, Қытай аумағынан тыс коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны күн санап көбейіп келеді. Оңтүстік Кореяда індет жұқтырғандар 1,5 мың адамнан асса, тағы алты елде қауіпті коронавирус анықталған.

Сонымен қатар қатерлі дерттің Италия арқылы өзге де Еуропа елдеріне тарап жатқанын жазған едік.

Сондай-ақ, Грузияның денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе мемлекет аумағында ресми түрде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та жаңа коронавирустың Қазақстанға да жетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843064-ukraina-azamatsasynan-koronavirus-tabyldy.html