Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Селаполетела" реалити-тревел шоуы енді Қазақстанда

Опубликовано:

29 ақпан, осы сенбі, «Хабар» телеарнасынан көрерменге жаңа реалити-тревел-шоу жол тартады. «Селаполетела» деп аталатын тревел жоба төрткүл дүниеге, сізбен бірге, саяхат жасайды.

«Селаполетела» реалити-тревел шоуы енді Қазақстанда

Бағдарламаның әр шығарылымы – әртүрлі шет мемлекеттен сізге қызықты оқиғаларға толы эмоциялар сыйлайды. Жобаның «реалити» атануына сәйкес, бағдарламаның өн бойы - шынайы сәттерге толы. Мәселен, бағдарлама жүргізуішісі жоба ұйымдастырушыларынан берілетін түрлі тосыннан қойылған тосқауылдардан, сындарлы сынақтардан сүрінбей өтуге барын салады. Алайда, ол жоба тізгініндегі – әр секундын күлкімен, қорқынышпен, көз-жасымен өткізеді.

  • 36 сағатта 1 мемлекетті аралау.
  • 36 сағатта - адам елестете алмайтын 5 сынақтан сүрінбей өту.

Әр мемлекетке келген сәттен бастап жоба жүргізушісі – танымал блогер Нагимуша (Нағима Ахметова) - денені шымырлататын, қолына тапсырылған түрлі сынақтардаы өтуі тиіс. Әр сынақтан өтсе жүргізуші 100 $-ға ие болады. Өткере алмаған жағдайда тиісінше, 100 $-дан айырылып, нәтижесінде қалтасындағы бастапқы бар-жоғы 30 $-мен күн көруге мәжбүр болады.

  • Теңіздің түбіндегі осьминог сынды сегізаяқтың үшеуін өзіңіз аулап, пышақпен тескілеу қолыңыздан келе ме?
  • Қол-аяғыңызды жіппен байлап тастап, теңіздің түбіне тастап кетсе, мұхиттың бетіне шыға алар ма едіңіз?
  • Сахараның құмында түнеп шығар ма едіңіз?

Ен далада күн көрудің қамымен «Селаполетела» трэвел-шоуының тізгінін ұстаушы Нағима нендей қадамдарға барады? Қыз баланың қайсарлығы қаншалықты мықты? Қатігездік танытып, тірі жануарларды өлтіргені рас па? Бұл сұрақтардың жауабын алғыңыз келсе, «Хабар» арнасымен бірге болыңыз! «Селаполетеланың» куәгері атаныңыз.

Биыл, 2020 жыл, «кібісе жылы». Яғни, ақпан айы - 29-шы күнге толатын жыл. Кібісе жыл (орысш.: Високосный год) — әдеттегіше 365 күнді емес, 366 күнді қамтитын (366 күнге созылатын), төрт жылда бір келетін жыл.

Ал көпшілік ежелден бұл күнді қауіпті деп санап, есік-терезені қымтап, үйден шықпаудың амалын жасаған. Ал биыл, Сіздердің дәл осылай үйден шықпасаңыз да, сол күнді қызықты етіп өткізуіңізді қамтамасыз ету мақсатында - «Хабар» телеарнасы жаңа жобаны назарларыңызға ұсынады.

Ежелден айтылып келе жатқан бәле-жаладан өзіңізді және отбасыңызды қорғаймын десеңіз, үйдегі көк жәшікті қосып, 29 ақпан күні, «Хабар» телеарнасынан шынайы, адреналин мен түрлі эмоцияға, қызыққа толы «Селаполетела» жобасын отбасыңызмен көруге шақырамыз. Саяхаттағы сынақтарды бірге тамашалайық!

Бағдарлама трейлері сілтемеде.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843068-selapoletela-realiti-trevel-souy-endi-kazakstanda/

pixel