Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нью-Йорктегі әйгілі аренаға Димаштың суреті ілінді (фото)

Опубликовано:

Отандасымыз, әнші Димаш Құдайбергеннің суреті Нью-Йорктегі "Barclays Center" аренасының жұлдыздар қабырғасына ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar
Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar: Facebook

"Barclays Center" алаңына әншінің суреті ілінгенін Қанат Айтбаев Instagram парақшасында мәлім етті.

"АҚШ. Нью-Йорк қаласы. "Барклайс арена" стадионының жұлдыздар галереясына Димаштың суреті ілінді", – деп жазды өнер иесінің әкесі.

Айта кетейік, 2019 жылғы 10 желтоқсанда аталған "Barclays Center" аренасында Димаш Құдайбергеннің жеке ән кеші өткен болатын. Ерекше дауыс иесінің өнерін тамашалауға әлемнің 54 елінен жанкүйерлер жиналған.

Осылайша, Димаштың АҚШ-та өткен алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті. Тыңдарманға лық толған залда ине шаншар орын қалмаған.

"Barclays Center" – "Бруклин Нетс" баскетбол командасы мен "Нью-Йорк Айлендерс" хоккейшілерінің үй алаңы болып табылады. Сондай-ақ, ол – Нью-Йорк қаласында ауқымды іс-шаралар өткізу бойынша Madison Square Garden алаңының басты бәсекелесі.

Әйгілі аренада Майкл Джексон, Элвис Пресли, Мадонна, Уитни Хьюстон, Джон Леннон, Элтон Джон секілді әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен.

Еске сала кетейік, 9 наурызда Мәскеуде Димаштың жеке концерті өтеді. Тауда Ресей астанасында өткен баспасөз мәслихатында әнші концертке қалай дайындалып жатқанын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843076-nu-jorktegi-jgili-arenaga-dimasty-sureti-ilindi-foto/

pixel