Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аман-есенмін": Джеки Чан коронавирус күдігімен ауруханаға түскенін жоққа шығарды

Опубликовано:

Батыс бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әйгілі актер әрі кинорежиссер Джеки Чанның коронавирус күдігімен ауруханаға түсіп, карантинге жатқызылғаны туралы ақпарат таратқан еді. Алайда бұл мәліметтің жалған екені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Джеки Чан. Фото: Getty Images
Джеки Чан. Фото: Getty Images: Getty Images

Джеки Чанның өзі Instagram парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарған.

"Қамқорлықтарыңыз үшін барлығыңызға рақмет! Аман-есенмін, денім сау. Өтінемін, алаңдамаңыздар, мен карантинде жатқан жоқпын және де барлығы да аман-сау болады деп үміттенемін!", – деп жазды әйгілі актер.

Бұған дейін БАҚ-та Джеки Чанның коронавирус күдігімен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгені жайлы ақпарат пайда болған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Голливуд жұлдызы коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан адамға миллион юань көлемінде сыйақы ұсынуға уәде берген еді.

Актердің ойынша, бөлінген 143 мың доллар яғни 54 миллион теңге дәрілік заттың жылдамырақ табылуына себеп болады. Джеки Чан бұдан бөлек қорғаныш киімдері мен медициналық бетперделер үшін де қаражат бөлетінін айтқан.

Соңғы деректерге сүйенсек, коронавирустан Қытайда 2744 адам қайтыс болған. Соңғы бір тәулікте 29 адам көз жұмып, 32,5 мың адам айығып шыққан.

Сондай-ақ, вирус тағы алты елден анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843081-dzeki-canny-koronavirus-kdigimen-auruhanaga-tskeni-tirik-bolyp-sykty/

pixel