RU

Алматыда көліктер соқтығысып, 4 бала зардап шекті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда бірнеше көліктің соқтығысуынан 4 бала жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жол апаты Сәтбаев - Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болды. Батысқа бет алған "Toyota Corolla" көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған. Осы уақытта ЗИЛ жүк көлігі Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай келе жатқан.

Мәлім етілгендей, жүк көлігі жол үстінде бұрылмақ болып, қарсы беттегі "Suzuki"-мен соғылған. "Suzuki" өз кезегінде "Toyota"-ны соққан.

"Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Екеуіне "жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы" диагноздары қойылды. Қалған екеуінде жұмсақ тіндері соққы алған. Ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты",- деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан 8 жасөспірім жарақат алды. Қоғамдық көліктің ішінде жарысқа бара жатқан балалар болғаны анықталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол көлік оқиғасы Прапорщиково елді мекені маңында болғанын хабарлады. Бұл ауыл Глубокое ауданында орналасқан деп жазады YK-news.kz.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда көліктер соқтығысып, 4 бала зардап шекті
Mailfire view pixel