RU

Қордайдағы тәртіпсіздік: Арандатушылық әрекеттері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында 11 адам көз жұмып, 185 адам жарақат алған жаппай тәртіпсіздік бойынша істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ішкі істер министрлігі видеосынан кадрлар

Фото: Ішкі істер министрлігі видеосынан кадрлар

Соңғы ақпараттарға сәйкес, аталған фактіге қатысты 120 қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде 11-і "Кісі өлтіру" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздік болған күні оқиға орнына жедел жәрдемнің 11 арбасы шыққаны белгілі болды. Дәрігерлер адамдардың бір-біріне шабуыл жасағанын, сондай-ақ, атыс дауысы шығып жатқанын айтып берді. Ашулы топтың қолынан медицина қызметкерлерінің көлігі де зардап шеккен екен. Адамдар арнайы көліктерге тас лақтырыпты.

Жақында Қордайдағы кикілжіңге қатысты тергеу жұмыстары жайлы жаңа ақпарат пайда болды. Ішкі істер министрі орынбасары Алексей Калайчидидің сөзінше, қазіргі уақытта болжам бойынша кикілжің арандатушыларына қатысты 8 қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сондай-ақ, вице-министр өткен кикілжіңге қатысты фактілерді бұрмалауға тырысып жатқандарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Арандатушылардан бөлек, елдің әкімшілік кодексіне сәйкес, істеген ісі үшін 200-ге жуық адам жауап берді.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алды.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған.

Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қордайдағы тәртіпсіздік: Арандатушылық әрекеттері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды
Mailfire view pixel