RU

Тоқаев: Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", - деді президент.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 824 адамға жетті, оның ішінде 2788-і қайтыс болған. Ал 36 мыңнан көп адам дерттен құлан таза айыққан.

Ал Қытайдан тыс 46 елде коронавирус жұқтырғандар саны 3664 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, олардың 57-сі қайтыс болған.

Бүгінде әлем бойынша қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 82 294 адам.

Айта кетсек, Сауд Арабиясының билігі елге кіруге уақытша тыйым салды. Әзірге мұсылмандар кіші қажылыққа бара алмайды.

Одан бөлек, Иранның Ватикан мен Мысырдағы бұрынғы елшісі Хади Хосроушахи коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843126-tokaev-koronavirusty-bkil-lemge-taraluy-asa-kauipti.html