Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ескерттім": Тәуекел Мүсілім ашық сахналарға әйелінің рұқсатымен ғана түсетінін айтты

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім отбасылы болғалы сомдайтын рөлдеріне жіті мән бере бастады. Өнер иесі енді қандай да бір кейіпкерді сомдамас бұрын, бұл жөнінде келіншегімен ақылдасатын болған. Актер ашық сахналарға да тек әйелінің рұқсатымен келісімін беретінін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/mahonti_/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/mahonti_/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тәуекел Мүсілім жақында ғана көрерменге жол тартқан "Я - пышка" фильміне жалаңаш күйде түсіп, көпшілікті таңғалдырды.

Журналистер қауымы жақында ғана үйленген актердің бұл рөлге қалай келісім бергенін білу мақсатында оны сұрақтың астына алды. Көпшілікті шоу-бизнес жұлдызының әйелі Махаббаттың оның ашық сахналарына деген көзқарасы қызықтырған.

Актер ыңғайсыз сахналарға келіншегі түсіністікпен қарағанымен, өзге актрисалармен сүйісуден бас тартқан.

"Мен басында басқаша елестеттім. Сценарийда басқаша жазылған. Өйткені, "жартылай дене ашылады, оның үстін қара матамен ораймыз" деді. Суши сияқты қылмақ болған. Сол кезде жартылай болғандықтан келіскенмін. Тек түсірілім алаңында бәрі басқаша болып шықты. "Қара мата жоқ, суши ғана бар" деді. Мен түсінбей қалдым. Бірден "қалай жаппақшысыңдар" дедім. "Онда үстіңді бәрін шеш, бір нәрсе етіп жабамыз" деп көндірді.
"Шешінген судан тайынбас" демекші амал жоқ актер болғаннан кейін ондай сахналарға да түсуге тура келді. Мен бірден сценарий оқығаннан кейін, Махаббатқа ескерттім. "Ыңғайсыз сахналар бар. Сен соған дайын бол" дедім. Ол келісімін берді. Енді актер болған соң түсінеді. Бастысы, сүйісетін сахналарды алдыртып, өтініш білдірдім" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін бай-бағландардың тоқалдары не себепті Тәуекел Мүсілімге ғашық екенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843127-eskerttim-tuekel-msilim-asyk-sahnalarga-jelini-rksatymen-gana-tsetinin-ajtty/

pixel