RU

Қауіпті коронавирус Нигериядан да анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҚХР аумағында тараған коронавирустың жаңа түрі Нигерия елінен де анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қауіпті коронавирус Нигериядан да анықталды

Көрнекі фото: Getty Images / Stefano Guidi

Бұл туралы африкалық елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

"Федералды Денсаулық сақтау министрлігі нигериялық Лаос штатында алғашқы коронавирус (COVID-19) жұқтыру дерегін растайды", - делінген ведомствоның Twitter желісіндегі мәлімдемесінде.

Осылайша, Нигерия коронавирус анықталған Алжир мен Мысырдан кейінгі үшінші африкалық мемлекет болып отыр.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 824 адамға жетті, оның ішінде 2788-і қайтыс болған. Ал 36 мыңнан көп адам дерттен құлан таза айыққан.

Ал Қытайдан тыс 46 елде коронавирус жұқтырғандар саны 3664 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, олардың 57-сі қайтыс болған.

Бүгінде әлем бойынша қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 82 294 адам.

Айта кетсек, Сауд Арабиясының билігі елге кіруге уақытша тыйым салды. Әзірге мұсылмандар кіші қажылыққа бара алмайды.

Одан бөлек, Иранның Ватикан мен Мысырдағы бұрынғы елшісі Хади Хосроушахи коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қауіпті коронавирус Нигериядан да анықталды
Mailfire view pixel