RU

Актриса Динара Бақтыбаева ғашығымен заңды түрде некесін қидырды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында ғана сырға салу рәсімінен өткен отандық танымал актриса Динара Бақтыбаева өмірлік серігімен ресми түрде некесін қидырды. Қос ғашық ерлі-зайыпты атанып, неке қию құжатын алды. Қызығы, олар екі түрлі қалада бола тұра некелесіп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/dika_strai

Фото: instagram.com/dika_strai

Динара Бақтыбаева заңды түрде некесін қидырғанын Instagram парақшасында хабарлады. Актриса жолдасы екеуінің неке қию туралы құжатымен түскен суретін жариялап, көпшілікке қуанышты жаңалығын жеткізді. Оған қоса, өнер иесі қарым-қатынастарын заңдастыруға қатысты қызықты оқиғасымен бөлісті.

Белгілі болғандай, қос ғашық шын мәнінде некесін екі түрлі қалада болып қидырған. Күйеужігіт Атырауда отбасын құруға өтініш жіберсе, қалыңдық Алматыдан оны растаған.

"27 ақпан. Арақашықтықта кездесіп жүрдік. Мен "осы арақашықтықта үйленіп, балаларды да солай дүниеге әкелерміз" деп қалжындайтынмын. Шын мәнінде солай болып шықты. Арман өтінішті Атырауда болып жіберсе, мен Алматыдан растадым. Нәтижесінде біз ерлі-зайыптымыз" , - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары қос ғашық үшін қуанып, оларға деген өз құттықтауларын жаудырған.

Айта кетейік, 11 ақпан күні Динара Бақтыбаеваға сырға салынды. Жеке өмірі жайлы тіс жармай келген арудың тұрмысқа шығатынын естіген көпшілік қатты таңғалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Актриса Динара Бақтыбаева ғашығымен заңды түрде некесін қидырды (фото)
Mailfire view pixel