RU

"Ылғи "көке" деп сөйлеймін": Түсінде 11 рет Елбасын көрген қария жайлы не білеміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында Абай Құнанбайұлы, Иса пайғамбар жайлы ерекше түс көретін ер адам тұрады. Тіпті, Жақсылық Құлтаев түсінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен 11 рет жүздескен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zamana.kz-ке сілтеме жасап.

күшті түс көретін кісі

Жақсылық Құлтаев. Фото: zamana.kz

1946 жылы Түркістан облысында өмірге келген Жақсылық Құлтаев бүгінде Шымкент қаласының тұрғыны. Жеке көлігімен такси болып табыс табады. Қызығы сол ер адам түсінде ерекше тұлғаларды көреді.

Жақсылық атаның сөзінше, ол түсінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевпен 11 рет кездескен көрінеді. Ер адам түсінде Елбасымен үнемі амандасып, оны "көке" деп атайды екен.

"Ол түсіме пейішті көргенімнің алдында кірген еді. Түсімде ол кісімен амандасып, ылғи да "көке" деп сөйлеймін. Сол түс­тердің бірінде Назарбаевты Қазығұрттың биігінен көрдім. Үлкен, шоғыр тастың үстінде отыр екен. Атымды атағанына таңқалдым. "Әй, Жақсылық, бұл жерге қайдан келіп қалдың?"– дейді. Амандасып, төменнен шаршап-шалдығып әзер жет­кенімді айтып жатырмын.

Енді бір түсімде Шымкенттегі бір көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде екенмін деймін. Көрпе төселген, жастықтар қойылған, дастархан жаюлы тұр. Нұрекеңе сол жерде шай құйып беріп отырмын. "Жақсылық, ешкімді кіргізбе", – деп қояды. Мен сол жерге келген бірер адамды қуып шығарып жіберіппін.

Кейін дәл сондай тағы бір түс көрдім. Нұрекең тағы да сол жерде шай ішіпті. Аулаға шықсақ, қаптаған адамдар келе жатыр. Менің көзіме олардың кейбірі қорқынышты мақұлықтар сияқты көрінді. Сол жерде үш аяқты фотоаппарат пайда бола кетіпті. Назарбаев солармен адамдарды шыртылдата суретке түсіріп жатыр. "Қорықпа, Жақсылық!" – деді дейді қария.

Жақсылық Құлтаев одан бөлек, түсінде хакім Абай мен Иса пайғамбарды да көргенін айтады.

Еске сала кетсек, халық емшісі Жасұлан Төлегенұлы "үзбе" емінің арқасында пышақсыз-ақ ота жасап, бірнеше адамды ауруынан айықтырғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ылғи "көке" деп сөйлеймін": Түсінде 11 рет Елбасын көрген қария жайлы не білеміз
Mailfire view pixel