RU

Белоруссияда алғаш рет коронавирус дерегі тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белоруссияда алғаш рет коронавирус тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Татьяна Меель

Фото: РИА Новости / Татьяна Меель

"27 ақпан күні республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-тәжірибелік институтында жүргізілген тест Ираннан келген студенттен 2019-nCoV коронавирусын анықтады", - делінген ведомство сайтындағы хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Нигерияда алғаш рет коронавирус тіркелгені хабарланған. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, инфекция жұқтырған адам Лаос штатында тіркелген.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 824 адамға жетті, оның ішінде 2788-і қайтыс болған. Ал 36 мыңнан көп адам дерттен құлан таза айыққан.

Ал Қытайдан тыс 46 елде коронавирус жұқтырғандар саны 3664 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, олардың 57-сі қайтыс болған.

Бүгінде әлем бойынша қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 82 294 адам.

Қытайлық маман Чжун Наньшаньның мәліметінше, коронавирусқа шалдыққан науқас орта есеппен вирусты екі-үш адамға жұқтыруы мүмкін.

Оның айтуынша, қатерлі дерттің жылдам таралуы осыған байланысты екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Белоруссияда алғаш рет коронавирус дерегі тіркелді
Mailfire view pixel