Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гарант 24 ломбардтың" Шымкенттегі филиалының директоры ұсталды

Опубликовано:

Шымкенттің полиция қызметкерлері "Гарант 24 ломбард" ЖШС жергілікті филиалының директорын тұтқындап, уақытша ұстау изоляторына қамады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Instagram/garant_24
Фото: Instagram/garant_24: Facebook

Анықталғандай, ол 300-ге жуық адамның сеніміне кіріп, оларды алдау арқылы 500 миллионнан астам теңге иелендң деп күдіктелуде.

Бұған дейін салымшыларды алдап, оларға 100 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікпен "ESTATE ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталғаны белгілі болған.

Сотқа дейінге тергеу жалғасуда.

Шымкент қаласының полиция департаменті аталған ұйымдардан зардап шеккен азаматтарды жақын жердегі полиция бөлімдеріне жүгінуді немесе 102 нөміріне хабар беруді сұрайды.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстады.

Сондай-ақ "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалған болатын.

Бұдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторинг жасайтын мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізіп, заңсыз ломбардтар ісі бойынша кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырған болатын.

Жиында ел азаматтарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген қаржы-несие ұйымдарының заңсыз қызметіне тосқауыл қоюға байланысты мәселе қарастырылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843162-garant-24-lombardty-symkenttegi-filialyny-direktory-staldy/

pixel