RU

20 жастағы тәжікстандық ару Dolce & Gabbana брендінің амбассадоры атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тәжікстандық 20 жастағы блогер Мадина Басаева Dolce & Gabbana сән үйінің ресми өкілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ akhbor.com сайтына сілтеме жасап.

20 жастағы тәжікстандық ару Dolce & Gabbana брендінің амбассадоры атанды

Мадина Басаева. Фото: instagram.com/senoritasaeva

Блогер Мадина Басаева 23 ақпанда Миланда өткен Dolce & Gabbana брендінің күзгі-қысқы топтамасының көрсетілімінде подиумға шыққан. Италия қаласында бойжеткен Басаева брендтің негізін қалаушылар Доменико Дольче және Стефано Габбанамен кездескен.

Мадина Instagram мен TikTok-та сән сахнасының сыртындағы қызықтармен бөліскен. Ол көпшілікке модельдерді қалай киіндіріп, бояндырып, шашын жасайтынын көрсетіпті.

Сондай-ақ Басаева TikTok-та подиумға шыққан сәтін оқырмандарына ұсынған.

Мадина Басаева Тәжікстанда туғанымен, үш жыл бұрын Екатеринбургке көшіп кеткен. Ол танымал әндерді фонаграммамен орындауының арқасында асқан танымалдылыққа ие болған.

Жас қыздың YouTube желісіндегі видеолары миллионнан астам қаралым жинаған. Ал Instagram парақшасында 2,8 миллион жазылушы бар.

Еске сала кетсек, Франция астанасы Парижде өтіп жатқан сән апталығында дизайнер Marine Serre-дің жаңа топтамасының көрсетілімі кезінде модельдер подиумға қорғаныш бетперделерімен шыққан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
20 жастағы тәжікстандық ару Dolce & Gabbana брендінің амбассадоры атанды
Mailfire view pixel