Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстанда 8 наурыз мерекесіне орай әйелдерге 3 доллардан таратылмақ

Опубликовано:

25 ақпан күні Түркіменстан үкіметінің отырысы барысында президент Гурбангулы Бердымухамедов экономика және қаржы жөніндегі вице-премьер Гадыргелди Мушшиковке 8 наурыз мерекесіне орай әйелдерге сыйлық жасауды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasian.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Instagram

Осылайша, мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер мерекесінде елдегі барлық нәзік жандыға 60 манаттан (курс бағамына сәйкес 3 АҚШ доллары) таратуды тапсырған.

"Түркіменстан Хроникасы" хабарлағандай, сыйлық жұмыс істейтін және оқитын, сондай-ақ, жәрдемақы мен зейнетақы алатын әйелдерге табысталады. Ал үш жасқа дейінгі балалары жоқ (балалар жәрдемақысын алмайтын) келіншектер сый алмайды. Себебі, сыйлыққа ақша жәрдемақы, жалақы мен зейнетақы берілетін ұйымнан қаражат бөлінеді.

Айта кетейік, 24 ақпанда Ашхабадта полицей медициналық маскамен жүрген келіншекті ұстап алған.

"Түркіменстан хроникасы" хабарлауынша, үйіне келе жатқан келіншекті тәртіп сақшылары маска таққаны үшін тоқтатып, сұрақтың астына алған.

"Үкіметтің вирусқа қарсы қабылдап жатқан шараларына сенбейсің бе? Біз бен басшылығымыз маска тақпайды. Сен неге маска тағып жүрсің?" ,- деген полицей масканың халық арасында дүрбелең туғызатынын мәлімдеген.

Тұтқындалған келіншек өзінің тек дәрігерлер нұсқаулығын орындап жатқанын айтса да, полиция оны бөлімшеге апарып, 249 манат (ресми курс бойынша 70 АҚШ долларынан көп) айыппұл салған.

Осылайша, аурудан қорғанып жүрген әйел банк арқылы айыппұл төлеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843178-trkimenstanda-8-nauryz-merekesine-oraj-jelderge-3-dollardan-taratylmak/

pixel