Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында прокурор, тергеуші және маман 30 мың доллар пара алды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тергеу басталғанын айтты. Алматы облысы МКД жұмысшысы және тергеуші, прокурор бірнеше мың доллар пара алған деген күдікке ілінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

прокурор
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер тергеуді Бас прокуратураның департаментімен бірге жүргізуде. Күдікке үш адам ілінген. Олар - Талдықорған транспорттық прокуратурасының прокуроры, облыстық ЭТД тергеушісі, сондай-ақ облыстық МКД маманы.

Тергеу нұсқасы бойынша олар келісіп, заңсыз ақша алды деп күдіктелуде.

Болжам бойынша, күдіктілер ЖШС басшыларының бірінен 30 мың доллар, яғни 11 млн теңгеден астам пара алған. Олар осы ақшаның қарымтасына контрабанда бойынша кәсіпкердің үстінен қозғалған істі жабуға уәде берген.

Қазіргі таңда үш күдікті де ұсталып, изоляторға қамалған. Тергеу жалғасуда.

Еске сала кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу күдігі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Параның мөлшері – екі миллион теңге. Болжам бойынша, бұл ақша үшін подполковник қылмыстық істі жабуы тиіс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843186-almaty-oblysynda-prokuror-men-tergeusi-30-my-dollar-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/

pixel