Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгияда адам сүйектерінен тұрғызылған қабырғалар табылды (фото)

Опубликовано:

Археологтар Бельгияның Гент қаласында адамдардың сүйектерінен тұрғызылған тоғыз қабырғаны тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: livescience.com
Фото: livescience.com: Facebook

Белгілі болғандай, Әулие Бавон соборының іргесі адам сүйектерінен қаланыпты. Қабырғалар негізінен адамның сан және жіліншік сүйектерінен тұрғызылған, сондай-ақ жарылған бас сүйектер де кездеседі.

Анықталғандай, барлығы – ересек адамдардың сүйектері. Радиокөміртекті талдау нәтижелері адам қалдықтарына 500 жылға жуық уақыт болғанын көрсетті.

Сүйектерден тұрғызылған қабырғалардың сырты тастармен қапталған. Мамандардың пікірінше, бұл мәйіттерді қорлаудың көрінісі емес. Керісінше, олардың сүйектерін сақтап қалудың жолы болған.

Археологтардың айтуынша, XV ғасырда адамдарды жерлеуге орын босату үшін жақын жерде орналасқан бейітті тазалауға тура келген. Бұл іспен айналысқан адамдар бейіттегі сүйектерді лақтырып тастамай, оларды қабырғаны қалауға пайдаланған.

Тарихи дереккөздер XVI ғасырдың бірінші жартысында осы аумақтарда бейітті тазалау жұмыстары жүргізілгенін растап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Австралия жағажайынан белгісіз тіршілік иесі табылғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843187-belgiada-adam-sjekterinen-trgyzylgan-kabyrgalar-tabyldy-foto/

pixel