RU

Ақтауда қайыр тілеген адамға ақша берген қыз бала елдің жүрегін елжіретті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтау қаласында қайыр тілеп тұрған ер адамға қалтасындағы барлық тиынын санап берген мектеп оқушысына желі оқырмандары алғысын жаудырды. Олар қыз баланың әрекетіне сүйсінген әр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Лада басылымына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Лада

Видеодан кадр/Лада

Видео кадрынан аталмыш жайттың "Ақтау" қонақ үйінің маңында орын алғанын байқауға болады.

Бейнежазбадан мектеп оқушысының қайыр тілеп тұрған ер азаматқа әмиянындағы ақшасын бергені анық көрінеді.

Желі оқырмандары кішкентай қыздың қайырымдылық жасағанына ризашылықтарын білдіріп, дұрыс тәрбие берген ата-анасына алғыстарын жаудырды.

"Жылағым келіп тұр", "Бала үйде не көрсе, сыртта соны қайталайды", "Жақсы тәрбие берген ата-анасына үлкен рақмет", "Бұл мен көріп жүрген соңғы жылдардағы ең үздік видео", "Қайырымдылық жасаған ақылыңнан айналдым", "Ақ жүректі періште", "Аман болсын балақай", "Ақылды қыз", "Көпшілікке жақсы үлгі көрсетті", "Қызға және оның ата-анасына Алла ұзақ ғұмыр берсін", "Өзі кішкентай болғанымен, жүрегі кең", - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетсек, бұған дейін мешіт маңында күн суықта қайыр тілейтін әжей бұл жолға қалай келгенін айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда қайыр тілеген адамға ақша берген қыз бала елдің жүрегін елжіретті
Mailfire view pixel