Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үлгілі қарым-қатынастың орнына "у-шу ұйымдастырғанын" мәлімдеді. Белоруссия президенті бұл ойын Еуропалық экономикалық комиссия алқасы төрағасымен өткен кездесуде айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: president.gov.by
Фото: president.gov.by: UGC

Президенттің сөзі мен кездесуден кадрларда белоруссиялық БелТА басылымы жариялады.

Беларусь мемлекеті көшбасшысының сөзінше, Еуразиядық экономикалық одақ елдерінде өндірістік және аграрлық мәселе бойынша бірыңғай саясат мүлде жоқ.

Еуразиялық экономикалық одақ құрылғанда одақтас елдер үлгі көрсетіп, бір бағытта жұмыс істейді деп болжанған еді. Бірақ, шын мәнінде олар "төбелеске дейін жеткен у-шу қалыптастырып отыр", деді мемлекет басшысы.

Лукашенко мұндай саясат одаққа жаңа мүшелерді тарта алмайды деп есептейді.

Сонымен қатар, президент Белоруссияға одақ басшысы ретінде бірқатар тұсты жасырмай, ұсыныс тастау керегін айтты. Басқа мемлекеттер келісе ме , жоқ па, бірақ, Еуразиялық экономикалық одақтағы қатынастар нақты принциптерге, ашықтық пен адалдыққа құрылуы тиіс деп есептейді ол.

"Егер жоқ болса, бір-бірінің басын ауыртпауы керек", -деген Беларусь лидері басқа жағдайда мемлекеттер бағыты мен жолын өздігінше тапқаны дұрыс екенін айта кетті.

Өз сөзінде белоруссиялық лидер Ресей мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жайлы айтып, қос мемлекет Еуразиялық экономикалық одақтың өзегі екенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843198-lukasenko-eurazialyk-ekonomikalyk-odakka-katysty-pikir-bildirdi/

pixel