RU

"Жыл сайын пайда болады": Коронавирустың болашағына болжам жасалды

Ресейлік вирусологтар жаңа коронавирустың болашағына байланысты болжам жасады. Олардың пікірінше, вирусты толықтай жеңу мүмкін емес, ол тұмау секілді мезгіл-мезгілмен пайда болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, биологиялық ғылымдар докторы Сергей Нетесовтың айтуынша, аталған дерт симптомсыз және ұзақ ауырып, қоршаған ортаға вирус тарататын адамдар арасында орнығып қалуы мүмкін.

"COVID-19 жыл сайын халықтың едәуір әлсіз топтарын: қарттарды, созылмалы ауруға шалдыққандарды және иммунитеті төмен адамдарды эпидемиялық толқындармен зақымдайды", – дейді маман.

Нетесовтың болжамдарымен Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университеті медициналық паразитология, тропикалық және трансмиссивті аурулар институтының директоры Александр Лукашев те келісіп отыр.

Оның айтуынша, өткір респираторлық вирустық инфекция секілді қауіпсіз вирустар да дәл осылай пайда болған. Дегенемен, маман қалыптасқан жағдайдың даму үрдісін болжау қиын екенін жеткізді.

Сондай-ақ Мәскеу физика және технология институты биологиялық және медициналық физика факультетінің деканы Александр Мелерзанов коронавирус ауруының өсімі әдетте күзгі-қысқы кезеңдерде тіркелетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 824 адамға жетті, оның ішінде 2788-і қайтыс болған. Ал 36 мыңнан көп адам дерттен құлан таза айыққан.

Ал Қытайдан тыс 46 елде коронавирус жұқтырғандар саны 3664 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, олардың 57-сі қайтыс болған.

Аудудың бүкіл әлемге таралуына байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843206-auru-zyl-sajyn-pajda-bolady-koronavirusty-bolasagyna-bolzam-zasaldy.html