RU

Биржада доллар бағамы 380 теңгеден асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан қаржы биржасында таңғы саудадан кейін доллар бағамы 380 теңгеден асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

доллар

Көрнекі фото: NUR.KZ

KASE дерегінше, АҚШ долларының орташа бағамы 380,91 теңгеге тең, бір күн ішінде америкалық валюта 1 теңгеге өскен.

KASE мәліметіне сүйенсек, қалған валюталардың бағамы төмендегідей:

1) Бір еуро 415,08 теңгеге;

2) Ресейлік рубль 5,78 теңгеге;

3) Кытай юаньі -54,31 теңгеге тең.

Kurs.kz сайтының ақпаратына сәйкес, қазақстандық ақша айырбастау орындарында бір доллар үшін 381,6 теңгеден 382,5 теңгеге дейін сұрап жатыр.

Ал сатып алу курсы 380-381 теңге аралығында болуда.

Еуроның нарықтағы құны 420,5-421,5, ал ресейлік рубль үшін қазақстандықтардан 5,77 – 5,83 теңге алуда. Қытай юаньі болса айырбас орындарында 54 теңгеден сатылуда.

Айта кетсек, әлемге таралып жатқан коронавирус жаһандық экономикаға да әсерін тигізді. Аурудың салдарынан планетаның ең бай адамдар қаржыларынан айырылуда. Жалпы алғанда, ең бай адамдар шамамен 140 млрд доллар ақшаларын жоғалтқан.

Көптеген инвесторлар әлемдік эконмикаға үлкен залад келтіретін коронавирусқа байланысты дабыл қаққан.

Еске сала кетсек, Джеки Чан коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан адамға 54 миллион теңге беруге әзір екенін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Биржада доллар бағамы 380 теңгеден асты
Mailfire view pixel