Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіті тастап кеткен соң арықтаған 26 жастағы ару сұлулық байқауын жеңіп алды

Опубликовано:

Англияның 26 жастағы Джен Аткин есімді тұрғыны тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген кезде сүйіңктісінің оны артық салмағы үшін тастап кеткенін сөз етті. Қайғыдани құса болған ару көп ұзамай салмақ тастап, "Ұлыбритания аруы — 2020" атаныпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

фоторепкаларгн
Фото: instagram.com/jenatkinuk: UGC

Сүйіктісі тастап кеткен кезде Дженнің салмағы 112 келі болған. Жігіт ғашығының шектен тыс толық болып кеткенін айтыпты.

Ару іш- құса болып, өз-өзіне ұзақ келе алмаған.

"Ол кеткен күні өмірім аяқталды деп ойладым. Апталар бойы жылап, қайғымды тамақ жеп бастым", - дейді ару.

Десе де, көп ұзамай Аткинс өзін-өзі қолға алып, осы мәселенің көмегімен тезірек салмақ тастауға тырысыпты. Ол үйінен алыс емес жерде орналасқан спортзалға жазылып, велосипед тебе бастады. Осылайша ару екі жылда 57 келі арықтады.

Уақыт өте Джен сұлулық байқауларына қатыса бастады. Ал биыл ол "Ұлыбритания аруы" атанды.

"Жеңіп шыққаныма әлі де сене алмаймын. Қаншалықты бақытты екенімді сөзбен айтып, жеткізе алмаймын. Сұлулық байқауларына тек қызық көру үшін қатысатынмын. Осылай алысқа барамын деп ойламаппын", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 150 келіге арықтаған америкалық өз тәжірибесімен бөліскенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843217-zigiti-tastap-ketken-aryktagan-26-zastagy-aru-slulyk-bajkauyn-zeip-aldy/

pixel