RU

Павлодар облысында белгісіз адам гелий шарымен банкоматты жарып жіберді (видео)

Павлодар облысы Ақсу қаласында белгісіз біреу гелий шарларының көмегімен Еуразиялық банктің банкомат жарып тастады. Аталмыш операция бақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

белг3с3
Видеодан кадр: Facebook

Жарылыс туралы ақпарат алдымен Павлодар және Ақсуға арналған Instagram парақшаларда жарияланған.

Аksu.ermak Instagram парақшасының хабарлауынша, жарылыс туралы хабарлама Ақсу полиция бөліміне кешкі сағат 11-де түскен.

Куәгерлер банк ғимаратының сыртына орнатылған банкоматтың жарылғанын айтқан.

Оқиға орнына шұғыл топ пен Ақсу прокуратура өкілдері дереу аттанған. Парақшаның мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ.

Кейінірек дәл осы топта жарылыс болған сәттің видеосы пайда болды. Құрылғының өзінен-өзі жарылмағаны анықталды.

Белгісіз ер адам банкоматты екі үлкен шармен алып келген гелийге толтырған. Шланганың көмегімен гелийді құрылғыға жіберген.

Осыдан соң жанғыш сұйықтықтың салдарынан жарылыс болыпты.

Күдіктінің қолға түскен-түспегені әзірге белгісіз. NUR.KZ редакциясы Павлодар облысы Полиция департаментіне жүгінді. Ведомство оқиғаға қатысты пікірді кейінірек беруге уәде берді.

Еске сала кетсек, Павлодар облысында жас мұғалімді зорладе деген күдікті қолға түcкен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843218-pavlodar-oblysynda-belgisiz-bankomatty-gelij-saryny-kmegimen-zaryp-ziberdi-video.html