RU

Ақсуда жарылған банкоматта ақша жоқ болып шықты (видео)

Еуразия банкі Павлодар облысында, кеше, 27 ақпанда жарылған банкоматына қатысты пікір білдірді. Құрылғының техникалық себептерге байланысты жұмыс істемей тұрғаны, сол себепті оның ішінде ақша болмағаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

еврази
Жарылыстан соң. Фото: instagram.com/tipavlo: UGC

Банктің хабарламасына сәйкес, күдікті ер адамды банктің күзетшісі бақылау камерасы арқылы байқаған. Ол жедел әрекет ету қызметіне қоңырау шалған. Олар келген сәтте жарылыс болған. Банкоматты жас жігіттің жарғаны айтылды.

Сондай-ақ, бұзақының әрекетінен ешкім зардап шекпеген.

Одан бөлек, банктің хабарлауынша, банкомат техникалық себептерге байланысты бір аптадан бері істемей тұрған. Тіпті оған жұмыс істемейтіні туралы хабарландыру да жапсырылған.

Қазір оқиғаның салдарын жою үшін бөлімше жабылды. Банктің басқа филиалдары штатты режимде жұмыс істеп тұр.

Банктің құқық қорғау органдарына жүгінгені мәлім болды. Қазір полиция банкоматты жарған жігітті іздеу үстінде.

Құрылғының жарылғаны туралы ақпарат Polisia.kz порталында да жарық көрді. Күдіктіге іздеу салынғаны хабарланды. "Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласында белгісіз ер адамның банкоматты жарып жібергені хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843230-aksuda-zarylgan-bankomatta-aksa-zok-bolyp-sykty-video.html