Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналистік зерттеу: «Хабар» арнасында жаңа бағдарлама көрерменге жол тартады

Опубликовано:

29 ақпан күні, «Хабар» телеарнасында «Журналистік зерттеу бөлімі» бағдарламасының алғашқы шығарылымы көрермен назарына ұсынылады. Жобаның негізгі мақсаты – қоғамдағы мәселелерді жүйелі түрде зерделеу, фактілерді салыстыру және сарапқа салу. Бағдарламаның бірінші шығарылымын сенбі күні, сағат 20:15-те көре аласыздар.

«Хабар» телеарнасында журналистік зерттеу жанрындағы жаңа бағдарлама көрерменге жол тартуда

Жалпы БАҚ саласында журналистік зерттеу – көп уақыт пен шыдамдылықты талап ететін қиын әрі қауіпті жанр түрі болып есептелінеді. Сол себепті, ол жоғары бағаланатын және құрметтелетін ауқымды еңбек десек артық етпейді. Журналистердің мұндай зерттеулерінің нәтижесі кей жағдайларда қылмыстық және саяси үрдістерге алғышарт рөлін атқарады. Кез келген қоғамда билік бек бұқараның арасына көпір болатын «төртінші билік өкілдерінің» орны ерек.

Біздің елімізде де, кәсіби журналистердің араласуын талап ететін мәселелер аз емес. Осы жәйтті негізге ала отырып, «Хабар» арнасы күрмеуі қиын мәселелердің шешімін табуға септігін тигізбек ниетте аталмыш жобаның шымылдығын ашуда.

«Хабар» телеарнасында журналистік зерттеу жанрындағы жаңа бағдарлама көрерменге жол тартуда
«Қазақстандық телевизия саласындағы журналистік зерттеу жанрында түсірілетін бағдарламалардың басым көпшілігі - жекелеген сұрақтарды үстіртін ғана қарастырады. Ал, мәселені жүйелеп, оны тереңінен талдайтын жобалар жоқтың қасы. Олардың авторлары сұрақтың бетіндегі айқын ұйғарымдарға назар аударып, мәселені жан-жақты зерттеп, дәлел келтіруге көңіл бөлінбейді», - жоба басқарушысы Айгүл Адилова.

Бас редакторы - Дмитрий Олейников.

Журналист - Зарина Ахметжанова.

«Хабар» телеарнасында журналистік зерттеу жанрындағы жаңа бағдарлама көрерменге жол тартуда
«Журналистік зерттеу бөлімі» бағдарламасының бірінші шығарылымында азаматтық авиация және «Bek Air» әуе компаниясының қызметі талқыға салынбақшы. Жобаның авторлары қазақстандық әуе компаниясына тиесілі ұшақтардың техникалық жағдайына қатысты нәтиже шағармай-ақ, Алматы қаласының түбіндегі апаттың орын алу себебін тауып, оның алғышарттарын ой елегінен өткізеді.
«Хабар» телеарнасында журналистік зерттеу жанрындағы жаңа бағдарлама көрерменге жол тартуда

Жобаның әр шығарылымы - қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жүргізілетін тергеулерге, атышулы қылмыстық істердің бүкпесіз, боямасыз талдануына толы. Қоғамдағы кез келген келеңсіздікке көзжұмбайлық танытпайтын, азаматтық қоғамды қалыптастыруға ат салысатын бұл жоба - қазіргі заңнаманы өзгертуге арқау боларлықтай ақиқатқа толы болмақ.

«Хабар» телеарнасында журналистік зерттеу жанрындағы жаңа бағдарлама көрерменге жол тартуда

Журналистер «неліктен?», «кім?», «қалай?», «неге?», «қандай мақсатта?» сынды сұрақтарын жаудырта келе көрерменнің өзі фактілермен таныса отырып, қойылған сұраққа өздері де жауап тапқандай күйге енеді. «Журналистік зерттеу бөлімі» - ақиқатты тауып, әділдік орнатудың құралы. Ол – қоғамдық маңызы бар мәселелердің шешімін жүйелі түрде сараптайтын бірден-бір алаң.

Жобаның тұсаукесерін осы сенбі, яғни 29 ақпан күні, «Хабар» телеарнасынан 20:15-те жіберіп алмаңыздар!

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843233-zurnalistik-zertteu-habar-arnasynda-zaa-bagdarlama-krermenge-zol-tartady/

pixel