Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екінші рет үйленбек": Актер күйеуін қызғанып, тастап кеткен келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Бірінші күйеуін қызғанып, сезімін суытып алған келіншек одан өз еркімен кетіп қалғанын сөз етті. Алайда оның қадірін тек екінші рет отбасын құрған кезде ғана түсінгенін айтты. Шалыс басып, сан соғып қалған әйел енді бұрынғы күйеуінің үйленгелі жатқанын алға тартып, мұңын шақты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екінші рет үйленбек": Күйеуін қызғанып, тастап кеткен келіншек мұңын шақты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы әйел "Алаш айнасы" басылымында жазды.

"Екінші рет тұрмыс құрғаныма көп болмады. Бірінші күйеуіммен тату-тəтті өмір сүріп жүрген уағымда, арамыз бір айда бір-бірімізді қызғанамыз деп суыды. Күйеуім актер мамандығын бітірген, қыз біткен артынан жүгіре жөнелетін. Өнер адамы болғаннан кейін сан түрлі жандармен байланыс жасағаны лаулайын деп тұрған отқа тамызық салғандай болды.

Өзім жетімдер үйінде өскен қыз едім. Отбасы ұғымын мүмкін дұрыс қабылдай алмайтын шығармын. Біреудің мені сүйгені алғаш рет. Алғаш рет маған жан жылуы төгілді. Бұның барлығын бағалауға əрі бағамдауға ақылым қысқалық қылғандай. Жолдасымның əрбір адымын аңдимын деп, дос-жаранының алдында абыройын талай төктім. Үйден бір күнде оған қайда барарымды айтпай шығып кете бардым.

Күйеуім намысты жігіт болатын. Екі рет қоңырау шалды. Екі рет іздеп келді. Мен сөйлеспей қойдым. Себебі мен оған өзімді лайық санаған жоқпын. Күйеуімнің қадірін екінші рет тұрмысқа шыққанымда түсіндім", - деп ағынан жарылды ол.

Екінші рет отбасын құрған келіншек бұрынғы күйеуінің қайта отбасылы болуға дайындалып жүргенін біліп, іш-құса болғанын ашып айтты.

Қазіргі күйеуім қарапайым адам. Арамызда сезім оты мүлдем жоқ. Шешімім үшін біреу кінəлі деп айта алмаймын. Бағымды бағаламаған өзім, қадірін ұқпаған өзім. Адамға бақ бір рет қонады дейді ғой. Ол мені алақанына салып, аялағаннан басқа ештеңе жасаған жоқ. Бірінші жолдасым үйленуге əзірленіп жүр деп естідім. Естігелі бері өзегім өртеніп, қызғанышым бұрынғыдан бетер лаулағандай", - деді келіншек.

Естеріңізге сала кетейік, жас келіншек екінші рет үйленген бұрынғы күйеуі туралы сырын ашты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843238-ekinsi-ret-jlenbek-akter-kjeuin-kyzganyp-tastap-ketken-kelinsek-myn-sakty/

pixel