RU

Дәрігерлер БҚО-ға италиялықтар мінген ұшақ қонғаны туралы қауесетке пікір білдірді

Батыс Қазақстан облысының санитарлық дәрігерлері өңірдің мұнай компанияларына жұмыс істеу үшін келген шетелдіктер туралы ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Аталған постты азаматтық белсенді Тимур Дарханов Facebook парақшасында жариялаған болатын. Ол Қарашығанақ кен орнына "бір ұшақ" Италия азаматтары келгенін мәлімдеген.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа байланысты 24 күн міндетті карантин өткізу туралы нұсқаудар берді. Бірақ, бізде бұндай оқшаулау шаралары жоқ. Адамдар жұмысқа барып, таңертең және кешке ауруханада қаралады.
Ақсайға Қытайдан бірнеше Қазақстан азаматтары келді. Оларға "үйде емделіңдер" деген. Бірақ олар мейрамханаларға барып жүр", – деп жазды ол.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өңірге "бір ұшақ" италиялықтар келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Италиядан біздің облысқа азаматтар келіп жатыр, бірақ бірнеше адамнан. Сондай-ақ өткізу пункттері арқылы автобуспен келуде. Оларға медициналық бақылау жүргізілуде. Қазір 75 азамат бақылауда. Коронавирус инфекциясы Қазақстан аумағында анықталған жоқ", – деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас санитарлық дәрігері Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеп жатқан 42 Қытай азаматы туралы мәселеге тоқталған еді. Ол аталған өңірде жол салып жатқан қытайлық жұмысшыларға далада "лагерь" салынғанын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843254-drigerler-bko-ga-italialyktar-mingen-sak-kongany-turaly-kauesetke-pikir-bildirdi.html