Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)

Опубликовано:

Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентіне жақын маңда орын алған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан бес адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: polisia.kz
Оқиға орны. Фото: polisia.kz: Facebook

Полицияның мәліметінше, жол апаты 28 ақпан күні таңертең болған. Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінен 25 шақырым жерде Chevrolet Aveo мен Лада 2131 автокөліктері соқтығысқан.

Ресей мемлекеттік нөмірі тағылған Chevrolet Aveo автокөлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың барлығы апат орнында қаза тапты деп жазды Polisia.kz.

Дереккөздің ақпарынша, қарама-қарсы бағытта келе жатқан "Лада 2131" маркалы екінші көлікте Батыс Қазақстан облысының тұрғындары келе жатқан. Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық кодекстің 345-баптың 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Орын алған оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады.

Еске сала кетейік, жақында Шығыс Қазақстан облысында балалар мінген автобустың апатқа ұшырағанын жазғанбыз. Жол-көлік оқиғасынан 8 жасөспірім жарақат алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1843259-atyrau-oblysynda-zantrsigerlik-zol-apatynan-bes-adam-kaza-boldy-foto/

pixel