RU

Полицей жабық тас жолдан өтпек болған көліктердің астына жатып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Полиция қызметкері Теміртау мен елорда арасындағы тас жолды кесіп өтпек болған көліктерді тоқтату үшін қар басқан жолға жатып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полицей жабық тас жолдан өтпек болған көліктердің астына жатып алды

Фото: Видеодан кадр

Қарағанды облысында көктайғақтың салдарынан бүгін таңнан бері барлық бағыттағы тас жолдар жабылды.

Жергілікті жол полицейлері жүргізушілерге олардың жеке бас қауіпсіздігі үшін ары қарай жол жүруге болмайтынын түсіндіруге тырысты.

Алайда азаматтар мен құқық қорғаушылардың арасындағы түсініспеушіліктің өршігені соншалық, қызметкерлердің бірі оларды тоқтату үшін көлік астына жатуға мәжбүр болған.

Ол осылайша көліктер ағынын тоқтата алды.

Алайда Теміртау -Нұр-Сұлтан тас жолында жағдай өзгеше өрбіді, ол жерде жүргізуші өзін жібермей тұрған полиция қызметкерін қағып кетті. Қызметкер аяғын жарақаттап алды. Ал жүргізуші ұсталды.

"Жүргізушілер тас жолдардың олардың жеке бас қауіпсіздігі үшін жабылатынын түсінбейді. Ол жерде көктайғақ, боран соғып тұр. Полицейлер автокөлік иелерінің мұндай тәуекелдерге бармауы үшін қолдан келгендерін жасауда. Қазір қызметкерлердің талаптарына мойынсұнбаған "Газель" мен "Hyundai" жүргізушілері ұсталды", - деп хабарланды полицияда.

Атап өтілгендей, оқиғаның өзге де қатысушылары анықталуда. Олардың барлығы заңмен бекітілген жауапкершілікке тартылатын болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Полицей жабық тас жолдан өтпек болған көліктердің астына жатып алды
Mailfire view pixel