Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды

Опубликовано:

Ресейдегі мектептердің бірінде оқушы қыз сабақ үстінде жан тәсілім етті. Тергеу жұмысы жасөспірімнің нақты неден қайтыс болғанын анықтауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қазіргі таңда жасөспірім қыз көз жұмған мектеп тексерілуде.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Зеленоград ауданындағы білім беру мекемелерінің бірінің оқушысы өзін жайсыз сезініп, нәтижесінде қайтыс болды. Қазіргі таңда оқиға болған орын тексеріліп жатыр", - деді Мәскеу бойынша РФ ҚК Бас тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова.

Тергеушілер мектеп қызметкерінен ауап алып, қыздың неден көз жұмғанын анықтауда. Тексеріс нәтижесіне сәйкес, процессуалды шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы Қазығұрт ауданында құрдасы итеріп жіберген сегізінші сынып оқушысы қайтыс болды.

14 жастағы жасөспірімнің ессіз жатқаны жайлы тәжірибеден өтіп жүрген мұғалім Қуаныш Әйтеновке мектеп оқушылары хабарлаған. Бірден көмекке жүгірген жас оқытушы баланың есін жината алмағандықтан, медициналық пунктіге апарған.

Балаға ауруханаға кетіп бара жатқанда кезіктірген жедел жәрдем де еш көмек көрсете алмады. Себебі, ол уақытта 14 жастағы Бейбарыс Нұралы жан тәсілім етіп үлгерген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1843277-mektep-okusysy-sabak-stinde-kz-zmdy/

pixel