RU

Павлодарда бюджет қаражатын ысырап еткен шенеунік қамалды, енді оның орынбасары сотталуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Қазақстан су жолдары" мемлекеттік кәсіпорынның Павлодардағы филиалы басшысының міндетін атқарушы 19 миллион теңгеге жуық шығын жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір сотта оның экс-орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Шенеунік басшысы ұсталғаннан кейін оның ісін жалғастырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодарда бюджет қаражатын ысырап еткен шенеунік қамалды, енді оның ізбасары сотталуда

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Қылмыстық іс материалдарында филиал басшысының ресми жалақысынан бөлек, дивиденд алмақ болғаны айтылады. Ол кәсіпорындарға арнап тауарларды сатып алу туралы келіс-шарттарды қолдан жасап, ақшаны қалтасына басқан.

Барлығы 2017 жылдың мамырында басталған. Ол кезде шенеунік бронедискі сатып алғаны туралы келісім жасап, 8 миллион теңге алмақ бролған. Нәтижесінде жалған келісім жасасуға мүмкін болған фирманы тапқан.

Меңгеруші алғашқы ақшасын сол айда-ақ ала алған.

Шенеунік жеңіл жолмен олжа табуды жалғастырып, сол жүйе бойынша жұмыс істей береді.

Ол үш рет миллионнан астам, содан кейін 4,5 миллион ақша алды. Соңғы рет ол мемлекетке 2 миллионнан астам залал әкелді.

Айта кету керек, Павлодардағы "Қазақстан су жолдары" филиалының басшысы бұрын жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасыру мақсатында соңғы рет ақша жасаған .

Павлодар қалалық №2 сотының үкімімен экс-шенеунік қауіпсіздігі орта деңгейдегі колонияға 3 жылға қамалды.

Айтып өту керек, қазір ведомство басшысының бұрынғы орынбасары бойынша да іс сот өндірісінде.

Басшысы тұтқындалғаннан кейін орынбасары оның орнына отырып, қаражатты ысырап етуді жалғастырды. Ол жалған келісім- шарттардың көмегімен 6 миллион теңгеден астам қаржы алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда бюджет қаражатын ысырап еткен шенеунік қамалды, енді оның орынбасары сотталуда
Mailfire view pixel