RU

"Тоңазытқыштағы сәби өлімі": Атырау облысында денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы сотталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның ісі бойынша сот процесі аяқталды. Шенеунік "ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық" бабы бойынша тергелген қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Тоңазытқыштағы сәби өлімі": Атырау облысында денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы сотталды

Фото: azh.kz

Еске сала кетсек, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева Атырау облысындағы периниталдық орталықта қайтыс болған сәбидің отбасынан кешірім сұрады.

Кейінірек, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысындағы сәби өлімі туралы мәлімдеме жасап, оқиғаға қатысты министрліктің ұстанымын айтты.

Сондай-ақ, осы шудан соң республиканың әртүрлі аймақтарындағы дәрігерлер әріптестеріне көмектесу үшін Атырауға аттанған еді.

"Мой ГОРОД" порталының ақпарына сәйкес, бүгін, 28 ақпан күні сот облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына қатысты үкім шығарды.

Бүгін сот шешімі бойынша экс-шенеуніктің кінәсі дәлелденді. Сот отырысы барысында шығарылған үкім бойынша, ол ірі көлемде айыппұл төлеуге тиіс. Оның мөлшері 2000 АЕК немесе 5 миллион теңгені құрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тоңазытқыштағы сәби өлімі": Атырау облысында денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы сотталды
Mailfire view pixel