RU

Тоқаев: Конституцияға қарсы ұрандарға жол берілмейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт жиналыстар туралы заңда қандай тармақтар көрсетілуі тиіс екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Конституцияға қарсы ұрандарға жол берілмейді

Фото: KAZ.NUR.KZ.

"Бейбіт жиналыстар туралы заң оларды өткізудің ескертпелі сипатын қарастыруы тиіс. Ұйымдастырушылар олардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың жоспарланған саны туралы билікті хабардар етуге міндетті.
Бейбіт жиналыстар белгіленген орындарда өткізілуі тиіс. Антиконституциялық ұрандарға жол берілмейді ", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Астана мен Алматыда өткен санкцияланбаған митингілер барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері 53 адамды құрықтады.

Министр олардың кейбірі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін 43 азамат үйлеріне қайтарылған.

Айта кетейік, бұған дейін бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасап, елімізде тыйым салынған ДВК ұйымы ұйымдастыратын митингке қатыспауға шақырған болатын.

Заңға сәйкес, азаматтар бейбіт шеру ұйымдастырғысы келсе, онда ең алдымен оны ұйымдастыруға рұқсат алуы керек.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Конституцияға қарсы ұрандарға жол берілмейді
Mailfire view pixel