Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақсуда банкоматты гелий шарымен жарып жіберген күдікті ұсталды

Опубликовано:

Тәртіп сақшылары өзгенің мүлкін қасақана зақымдады деген күдікпен 1995 жылы туған жас жігітті ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақсуда банкоматты гел шарының көмегімен жарып жіберген күдікті ұсталды
Фото: Видеодан кадр, көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Ұсталған азамат Ақсу қаласында банкоматты жарып жіберді деп күдіктелуде.

Оқиға 27 ақпан күні "Еуразиялық Банк" АҚ бөлімшесінде орын алды деп жазады Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға туралы хабарды филиал күзетшісі тапсырды.

Полициядан хабарлағандай, оқиға орнына дереу келген тәртіп сақшылары қоршауды ұйымдастырды.

Абырой болғанда жарылыс кезінде ешкім қаза тауып, зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 202 бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Полицияда атап өткендей, еліміздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес осы іске қатысты өзге ақпарат таратылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, белгісіз ер адам қазақстандықтар арасында белгілі банк бөлімшелерінің бірінде банкоматты жарып жіберген.

Қаскүнемнің әрекетін бейнебақылау камерасы тіркеген. Ер адам ойын іске асыру үшін гелийге толы шарларды пайдаланды.

"Еуразия банкінде" жарылған банкомат бос болғанын айтты. Ұйым қызметкерлері құрылғы техникалық себептерге байланысты мүлдем жұмыс істемегенін атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843285-aksuda-bankomatty-gelij-sarymen-zaryp-zibergen-kdikti-staldy/

pixel