Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов коронавирустың елімізде тіркелмеуіне қатысты хейтерлер пікіріне жауап берді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда әлі күнге дейін бірде бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмегеніне қатысты пікір білдірді. Ол сондай-ақ дәрігерлерге сенімсіздік бдіріп жүрген хейтерлерге де жауап берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біртанов коронавирустың елімізде тіркелмеуіне қатысты хейтерлер пікіріне жауап берді
Фото: NUR.KZ: Original

Елжан Біртанов әлеуметтік желілер мен қоғамда медициналық мекеме қызметкерлеріне деген көптеген теріс пікірлер барын атап өтті.

Оның айтуынша, мұның себебі өте қарапайым. Яғни, дәрігерлердің әлі күнге дейін коронавирус жұқтырған адамды таппауы - кейбір қазақстандықтарға ұнамайды.

"Біздің проблемамыз аз емес, бірақ біз жұмысымызды жақсы атқаруға барынша дайындалудамыз. Адамдар өз азаматтарын қорғау үшін бар ынтасымен жұмыс істеп жатыр. Алайда оған жауап ретінде сенімсіздік пен келемеждеу алуда", - деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, адамдар қаралым мен "лайк" үшін бәріне дайын. Оның сөзінше, рейтинг табысыңызды көтеріп, еселеуі мүмкін, алайда иммунитетіңізді көтермейді.

Сондай-ақ Біртанов сегіз жүзден астам адамға әртүрлі тест жасалғанын, олардың нәтижесі теріс болып шыққанын мәлім етті.

Еске сала кетсек, Елжан Біртанов әлемге таралып жатқан қауіпті коронавирустың Қазақстанға да келуі мүмкін екенін айтқан еді. Оның сөзінше, Қазақстан бәрінен алшақ жатқан арал емес.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843295-birtanov-koronavirusty-elimizde-tirkelmeuine-katysty-hejterler-pikirine-zauap-berdi/

pixel