Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 835 адамға жетті

Опубликовано:

Қытайда қауіпті коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар саны артып жатыр. Дегенмен 39 мыңнан астам емделіп, ауруханадан шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

коронаи
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Аспан асты елінің денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, вирус жұқтырғандар саны 79 251 адамнан асты. Ал індеттің құрбанына 2 835 адам айналған. Тағы 39 мың адам емделіп, ауруханадан шыққан.

Соңғы тәулікте ел бойынша 427 адамның (оның 423-і Хубэй провинциясында) инфекция жұқтырғаны анықталды. Ал ауруханадан 2885 адам шығарылған. Сонымен қатар 47 адам көз жұмды.

Еске сала кетсек, кеше Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 824 адамға жетіп, оның ішінде 2788-і қайтыс болған еді. Ал 36 мыңнан көп адам дерттен құлан таза айығып кеткен. Одан бөлек, қауіпті инфекция аспан асты елінен басқа 46 елден анықталған.

Сонымен бірге күні кеше мемлекет бойынша 37 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркеліп, ауруханадан 3 622 адам шығарылғаны айтылды. Қайтыс болған 44 адамның 41-і Хубэй провинциясында тіркелген болатын. Коронавирус күдігімен тағы 452 жағдай тіркеуге алынған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1843298-kytajda-koronavirustan-kajtys-bolgandar-sany-2-835-adamga-zetti/

pixel