Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасөспірім 15 жастағы мектеп оқушысын подъезде зорлаған

Опубликовано:

Уфада 15 жастағы мектеп оқушысы он үш жасар қызды үйінің подъездінде зорлады деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жасөспірім 15 жастағы мектеп оқушысын подъезде зорлаған
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

UfacityNews.ru дерегінше, оқиға 20 қаңтарда болған. Тоғызыншы сынып оқушысы басқа мектепте оқитын қызды үйінің подъезіне кіре берісте ұстап алып, оған зорлық көрсеткен.

Оқушы қыз бірнеше апта бойы болған оқиғаны туыстарынан жасырған, алайда кейінірек бәрібір анасына айтыпты. Қыздың анасы бірден полицияға арыз жазған.

Жасөпірім қолға түскен, Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері аталған факт бойынша тексеріс жүргізуде. Қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Бұған дейін Сергиев Посад қалалық округінде төрт жасөспірім 14 жасар қызды зорлаған.

Тергеу барысында 2019 жылдың қаңтар айында төрт жасөспірім мас күйде болып, өздерімен бір пәтерде қалған қызды кезектесіп зорлаған.

Еске сала кетсек, Железногорск қаласында 13 жасар қыздың 10 жастағы баладан жүкті болғаны белгілі болған оқиғада жаңа деректер пайда болып еді. Іске тағы бір жасөсіпірім тартылып, ол баланың нағыз әкесі болып шыққан.

13 жастағы Виканың құрсағындағы баланың әкесі он жасар бала емес, 15 жастағы жасөспірім болып шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1843300-zasspirim-15-zastagy-mektep-okusysyn-podezde-zorlagan/

pixel