RU

Италияда коронавирус жұқтырған адамдар 800-ден асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италияда пневмонияның жаңа түрі коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Бүгінде бұл көрсеткіш 821 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Италияда коронавирус жұқтырған адамдар 800-ден асты

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы Анджело Боррелли мәлімдеген.

Бореллидің сөзінше, коронавирустан қайтыс болғандар саны 21 адамға жеткен.

Бір тәулікте қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 200 адамға артқан.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта соңғы мәліметтерге сәйкес, Аспан асты елінің денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, вирус жұқтырғандар саны 79 251 адамнан асты. Ал індеттің құрбанына 2 835 адам айналған. Тағы 39 мың адам емделіп, ауруханадан шыққан.

Соңғы тәулікте ел бойынша 427 адамның (оның 423-і Хубэй провинциясында) инфекция жұқтырғаны анықталды. Ал ауруханадан 2885 адам шығарылған. Сонымен қатар 47 адам көз жұмған болатын.

Ал алдыңғы күні Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 824 адамға жетіп, оның ішінде 2788-і қайтыс болған еді.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының билігі елге кіруге уақытша тыйым салды. Әзірге мұсылмандар кіші қажылыққа бара алмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Италияда коронавирус жұқтырған адамдар 800-ден асты
Mailfire view pixel