Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 минутқа 400 теңге: Тұрғындар "Алматы-1" вокзалы маңындағы тұрақтың бағасына наразы

Опубликовано:

"Алматы-1" темір жол вокзалы аумағына тиесілі жерді жеке кәсіпкерлер жаулап алған. Оңтүстік астана тұрғындары тұрақты ақылы етіп, тарифті негізсіз жоғары қойғандарға наразы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

онеббб
Almaty.tv телеарнасынан кадр: UGC

Күн сайын вокзал маңында автокөлік өте көп жиналады. Сол себепті осы маңға жақын жерлердегі автотұрақтар жоғары сұранысқа ие.

Алайда жеке кәсіпкерлер оны тек қана ақылы етіп қоймай, негізсіз қымбаттатып жіберген. 5-15 минут тұрақтағаны үшін жүргізушілер 400 теңгеден беруі керек деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақылы тұрақ жасап қойған аймақ бизнес жасау үшін он жыл бұрын сатылып кеткен. Ал оның иесі қалаған сомасын қоя алады. Айта кетсек, осы ретте мемлекет қазынасына салық уақытылы түсіп отыр.

Қала тұрғындары дәл осы вокзал маңындағы жерлердің жекенің меншігіне өтіп кеткеніне наразы. Алматылықтардың айтуынша, құзырлы органдар ақылы тұрақ мәселесін шешуі керек.

Ал аудандық әкімдіктегілер заңға сәйкес, биліктің кәсіпкерлер ісіне тікелей араласа алмайтынын айтып, жауап берді. Оның үстіне, қала тұрғындары тарапынан тиісті органдарға әзірге ешқандай шағым түспеген.

Еске сала ктесек, Түркістан облысында ер адам айып тұрағында тұрған сегіз көлікті өртеп жіберген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843308-15-minutka-400-tege-trgyndar-almaty-1-vokzaly-mayndagy-trakty-bagasyna-narazy/

pixel