RU

Төрт жылда бір келетін 29 ақпанға қандай болжам жасалған

Биыл күнтізбе бойынша – кібісе жылы. Яғни төрт жылда бір айналатын басы артық күн биылғы – 2020 жылға тиесілі. Артық бір күннің ақпан айының 29-на келетіні белгілі. Халық арасында осы жылы қиындыққа толы болады деген наным бар деп жазады KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

кібісе
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бірқатар деректерге сүйенсек, кібісе жылы ежелгі Мысырда пайда болған деседі. Мысырдың есепші-ғалымдары (жұлдызшылары) әр жылдарды зерттей отырып, әр жылдың 365 күннен тұратынын санаған екен. Қазіргі қолданыстағы күнтізбе де сондай санақтың нәтижесі.

Сол санақ бойынша ғалымдар күн мен түннің теңелу уақытының арасын жыл деп атаған. Жылды төрт мезгілге жіктеп, әр үш жылдың 365 күнге аяқталатынын, осы үш жылдан соң бір күннің артық шығатынын есептеп, төртінші жылды 366 күнге толатынын шығарған.

Халық арасында кібісе жылына қатысты алуан пікір, түрлі наным-сенім мен ырымдар бар. Тіпті кейбіреулер осы жылдың қиын-қыстауға толы болатынын сәуегейлейді. Алайда өткен кезеңдер кібісе жылының Қазақ еліне жайсыз емес екенін, керісінше ерекше орын алып жататынын байқауға болады.

Еске сала кетсек, "22.02.2020" үйлескен датасына әйгілі Ванганың жасаған болжамын ұсынған едік.

Ванга "22.02.2020" датасын қауіпті деп санаған. Оның болжамынша, бұл күні адамзат үшін төңкеріс болуы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843315-trt-zylda-bir-keletin-29-akpanga-kandaj-bolzam-zasalgan.html